Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық қаржылық есептілікті жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
2. Бюджет түсімдері аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.
6-бөлім. Бюджеттік есепке алу мен есептілік
24-тарау. Бюджеттік есепке алу
121-бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
Бюджеттік есепке алу бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің шоттарынан жасалатын операциялар туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген, тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.
122-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу
1. Бюджеттік есепке алу деректері бюджеттік есептілік жасау үшін негіз болып табылады.
2. Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
123-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары
1. Бюджеттік есептілік мынадай:
1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің жоқтығын білдіретін анықтық;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етілетін ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық;
3) осы Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есептілікті жасау жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік сапалық сипаттамаларға сай келуге тиіс.
2. Алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтің) бюджетке түсетін түсімдері бюджеттік есептілікте ақшалай түрде көрсетіледі.
124-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері
1. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін:
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мемлекеттік мекемелердің есептерін:
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті;
Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсімдер және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есепті;
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстары туралы есепті;
Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері мен шығыстары туралы есепті;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін:
бюджеттік мониторингтің нәтижелері туралы есепті;
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті;
мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілігін:
республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, облыстар, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы есепті
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті;
бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті;
3-1) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін:
республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті;
Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қамтиды.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді.
3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
125-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді ай сайын - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ай сайын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 126-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
126-бап. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп
1. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепте оның іске асырылу барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізудегі прогресс туралы ақпарат қамтылады.
2. Мемлекеттік орган мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті жыл сайын жасайды және ол есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей бірінші басшының қолтаңбасымен интернет-ресурста (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.
25-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп
127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер және есепті қаржы жылының нәтижелерін бағалау негізінде түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат нәтижелер көрсеткіштері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жасалады;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) түсіндірме жазбадан;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал туралы және салық-бюджет саясатының республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне талқылау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ұсынады.
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:
Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер жөніндегі баяндамаларын тыңдайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.
129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жүргізілген бюджеттік мониторинг, нәтижелерді бағалау, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) түсіндірме жазбадан;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті облыстық мәслихаттың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешімі тармақтарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:
1) ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.
130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:
1) әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және өңірдің салық-бюджет саясатының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамасын;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы баяндамасын;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)